• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Тамыз, 2023

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде отырыс өтті

224 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тамара Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Астана қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің Астананың спорт инфрақұрылымының шараға дайындық деңгейі туралы ақпараты тыңдалды.

Отырыс барысында Т.Дүйсенова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында жарыстар өткізу үшін Астана қаласында қолданыстағы спорт нысандары пайдаланылатынын, арнайы жаңа нысандар салынбайтынын атап өтті.

Елорда әкімдігінің деректеріне сәйкес осы халықаралық іс-шараға дайындық аясында «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз сарайына жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен елордалық «Қазанат» ипподромын реконструкциялау жоспарланған.

Еске салайық, 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу эстафетасы Қазақстанға берілді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары (World Nomad Games) – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс. Оған Орталық Азияның тарих бойынша көшпелі халықтарының ұлттық ойындары негіз болды.