Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл магистратураға түскен грант иегерлерінің тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.
Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.
Комиссия құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 14 612 адам қатысты. Оның 8 359-ы грант иегері атанды.