• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мектеп 23 Тамыз, 2023

Оқушыларды тегін тамақтандырады

223 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа оқу жылының басынан барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыс­тық тамақпен қамтамасыз еті­леді. Оның ішінде мәдениет сала­сындағы мектептер де бар.

Мәселен, 2023 жылға арнал­ған республикалық бюджетке түзе­ту енгізу кезеңінде интернат­та тұр­майтын 1-4 сынып оқушыларын та­мақ­тандыруға 84 млн теңгеден астам қаражат қарастырылды. Мәде­ниет және спорт ми­нистрлігіне бағы­нысты екі мектепке 37 млн теңге бөлінеді. Атап айтқанда, К.Бай­сейі­това атындағы дарынды бала­ларға арналған РММОМИ (23,2 млн теңге) және А.Жұбанов атын­дағы дарынды бала­лар­ға арнал­ған РҚМММИ-ге (13,8 млн теңге).

Қазіргі уақытта интернатта тұ­ратын осы мектептердің 340 оқу­шысы бес мезгіл тегін тамақпен қам­тамасыз етіледі: А.Жұбанов атын­дағы дарынды балаларға арнал­ған РҚМММИ - 230 бала және К.Бай­сейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ – 110 бала.

1-4 сыныптардағы балалардың ыстық тамағына 47,2 млн теңгені екі жоғары және жоғары оқу ор­нынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы мектептер де алады. Бұл Қазақ ұлттық хореография академия­сы жанындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп (20,2 млн теңге) және Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы дарынды балаларға арналған маман­дандырылған мектеп-интернат (27 млн теңге).

«Жас дарындарды қолдау – біздің министрлік үшін маңызды жұмыс бағыты. Әрине, мектептерді қолдау балаларға тегін тамақ беру арқылы ғана емес, сонымен қатар жаңа құ­ралдарды сатып алу, мұғалімдерге қосымша төлемдер және басқа да шаралар арқылы жүзеге асырылады. Көктемде министр Асхат Оралов Алматының бірқатар шығармашылық оқу орындарына барып, нәтижесінде оларға 258 млн теңге бөлу туралы, шешім қабылданды. К.Байсейітова және А.Жұбанов атын­дағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарына 161 млн теңге бөлінді. Оның ішінде оқушы­ларды ыстық тамақпен қамту да қарас­ты­рылды», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Арман Жүдебаев.