2 қыркүйекте Ливанның астанасы – Бейрутте таэквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді.
Таяу Шығыста өтетін жарыста еліміздің намысын Әлибек Нұрғазы (45 кг), Ілияс Марупов (48 кг), Бектөре Оралханов (51 кг), Абдолла Әбілқасым (55 кг), Әнуар Мұхаметкәрімов (59 кг), Мерей Мәлік (63 кг), Әділ Тілеуғабылов (68 кг), Батырхан Төлеуғали (73 кг), Нұрасыл Қуандық (78 кг) және Бекарыс Нұрғазы (+78 кг) қорғайды. Қыздар арасында өтетін додада Гүлназ Қайболла (42 кг), Рамина Тайырова (44 кг), Нарқыз Мейрамбек (46 кг), Тоғжан Қазнабек (49 кг), Нұрай Қазнабек (52 кг), Арайлым Арапбай (55 кг), Альмира Қанат (59 кг), Назым Махмұтова (63 кг), Дария Манасқызы (68 кг) және Самал Берікқызы (+68 кг) сайысқа түседі.
4 қыркүйекке дейін созылатын байрақты бәсекеде Қазақстанның жастар құрамасы кемінде екі жүлде алуды көздеп отыр.