Чехияда өткен Еуропаның XXXI су асты бағдарлау чемпионатының «МОНК» жаттығуында екінші орын олжалаған ефрейтор Шахноза Құрбанованы Алматы қаласында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ол су астында жүзу спортының ең күрделі түрінен жеңіске жеткен. Стартердің белгісімен төреші спортшыларға баллонға бекітіліп картографқа салынған пластикалық картаны береді, әрі қарай, спортшы курсты (градус) және метрді алып тастап, бағдарға дейін екі метр тереңдікте жүзеді. Осылайша, ол бес бағдарды бекітуі керек. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер келген уақытына қарай анықталады.
Айта кетсек, су астындағы бағдарлау бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері ефрейтор Шахноза Құрбанова – осы күрделі жаттығуда әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі саналады. Ол 2008 – 2022 жылдардағы су асты бағдарлаудан және жылдам жүзуден Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Оның жетістіктер қоржынында 71 республикалық және 18 халықаралық марапат бар.