• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тәрбие 25 Тамыз, 2023

Мектептерге Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі

135 рет
көрсетілді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында өтіп жатқан тамыз кеңесінде мәлім етті, деп жазады Egemen.kz. 

«Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндетті атады. Атап айтқанда, патриотизмді, білімпаздықты, нағыз маман болуды, үнемшілдікті, еңбекқорлықты қалыптастыру. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр.

Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырыла бастайды. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Биыл алғаш рет мектептегі тәрбие бағдарламасына қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің оқу дәрістері енгізіледі», деді Оқу-ағарту министрі тамыз кеңесінде.