Ақтауда аттракцион тоқтап, балалар төмен салбыраған күйі қалып қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына барған мамандар аттракционның тоқтауын жарықтың болмағанымен түсіндірді.
Ювеналды полиция қызметкерлері аттракцион иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Ал облыстық ТЖД бұл оқиға бойынша қоңырау түспегенін алға тартты.