WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) жаттықтырушысын ауыстырды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Оның жаңа бапкері - атақты Брайан Вилория.
«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық! Брайан әуесқой бокста да кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы. Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық! Алла берекелі етсін», деп жазды боксшы.