Әлеуметтік желідегі парақшасында «Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол»деп жазған WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы «Жұлдыздар аллеясында» есімін қалдыруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Боксшы өзінің аты Мұхаммед Әлидің есімі жазылған жердің жанынан көруді қалайды.
«Міне, мына жерде Мұхаммед Әлидің аты жазылған. Мына жағында кішкене бос орын тұр. Құдай қаласа, тарихта қалып, осы орынға атымызды жаздырсақ деген ой да, мақсат та бар. Адам істегенді адам істейді. Біздің мансабымыздағы жоспардың бірі – осы жерге Qazaq style атын жазу», деді ол.