• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Тамыз, 2023

Данияда діни кітаптарды өртеуге тыйым салынады

208 рет
көрсетілді

Дания үкіметі діни кітаптарды қоғамдық орындарда өртеуге тыйым салатыны туралы аталған елдің Әділет министрі Питер Хуммельгорд мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлер кабинеті Құранды, Інжілді, Тораны көпшілік алдында өртеген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

«Жақында Құранның өртенуі Данияға қауіп төндірді. Бұл Данияға және ел мүддесіне, сондай-ақ шет елдерде жүрген даниялықтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Діни жазбаларды көпшілік алдында өртеуге тыйым салынуы керек», деді министр.

Сондай-ақ заңда шет мемлекетті, оның туын немесе басқа да ұлттық таңбаларын, Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе Еуропалық Кеңестің туын көпшілік алдында қорлайтын кез келген адамға айыппұл салынады немесе абақтыға жабылады.

Еске салайық, Данияда Құранды өртеу оқиғасы болғаны мәлім.