Германияның Дуйсбург қаласында байдарка, каноэ есу және паракоаноэден өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған әлем чемпионатында параканоэден 200 метр қашықтықта KL2 сайысы бойынша Бибарыс Спатай үздік бестікке еніп, Париж паралимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Су спорты түрлері бойынша Түркістан облыстық спорт мектебінің спортшысы Б. Спатай енді Францияның бас шаһары Париж қаласында өтетін дүбірлі додаға дайындалады.