• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Тамыз, 2023

Такси жолаушысынан есірткі табылды

320 рет
көрсетілді

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатындағы «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Меркі – Шу – Бурылбайтал көлік жолының 14-шақырымында Volkswagen автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру кезінде көліктің артқы жүк салғыш бөлігінде Меркі ауданының 31 жастағы жолаушысына тиесілі есірткі заты салынған полиэтилен қапшық табылды.

Сараптама нәтижесіне  сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 6 келі кептірілген марихуана екені анықталды.   «Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді», деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.