• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 29 Тамыз, 2023

Доллардың ресми бағамы белгіленді

333 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 461 – 465 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461,5 - 465,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 461,5 - 465 теңге аралығында құбылып тұр.

28 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,25 теңгеге қымбаттап, 464,09 теңге болған.

Ұлттық банктің 29 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464,05 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77 – 4, 99 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,75 - 4,85 теңгеден сатылып жатыр.