LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкалары орнатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі «Номад» ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) көпірге қарай бағытта қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады. Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін», делінген «City Transportation Systems» хабарламасында.
Аталған шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.