• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Тамыз, 2023

Жазғы Азия ойындарына кімдер қатысады?

264 рет
көрсетілді

19 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарында күрес түрлерінен сынға түсетін балуандарымыз  анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында грек-рим, еркін және әйелдер  күресінен ұлттық құраманың бас бапкерлері мен   Қазақстан күрес федерациясының өкілдері балуандардың дайындығы турасында айтты.

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко  60 келіде  Айдос Сұлтанғали, 67 келіде Мерей Бекенов, 77 келі Азат Садықов,  87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов,  97 келіде Сырлыбай Олжас, 130 келіде  Әлімхан Сыздықовты Қытайда күрестірмек.

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев    50 келіде Светлана Анкичева, 53 келіде Марина Седнева, 57 келіде   Эмма Тисина, 62 келі салмақта  Ирина Кузнецова,   68 келіде Елена Шалыгина, 76 келі салмақта  Жәмила Бақбергенова үмітті ақтайды деді.  Еркін күрестен  57 келіде  Рахат Қалжан,  65 келіде  Мұхтар Санжар, 74 келіде  Дархан Есенғали,  86 келі салмақта  Азамат Дәулетбеков, 97 келіде Әлішер Ерғали, 125 келі салмақта  Юсуп Батырмырзаев белдеседі. Бас бапкер Мадияр Құрамысов төрт жылда бір айналып соғатын жазғы Азия ойындарында осы жігіттерге үміт артып отыр.