• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Балалар 30 Тамыз, 2023

Балақай, жолдан байқашы!

201 рет
көрсетілді

Еліміздің жолдарында кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Іс-шараны өткізу кезінде аумақтық бө­лімшелер құқықтық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, автобустарда, кинотеатрларда жаяу жүргінші балалардың жол жүру қағидаларын сақтауын және балаларды тасымалдау кезінде арнайы құрылғыларын пайдалану керектігін насихаттайтын аудио және бейнероликтер көрсетіледі. Одан бөлек, оқу жылының басталуымен іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері білім беру органдары, мектеп жасақтарымен бірлесіп, жол жүру қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізбек. Айта кету керек, оқу орындарының жанындағы жол инфрақұрылымы да тұрақты негізде тексеріледі.

Жол және коммуналдық қызметтердің өкіл­дерімен бірлесіп, жалпы білім беру меке­мелеріне іргелес аумақта жаяу жүргіншілер өткелдерін қажетті жол белгілері, жаяу жүр­гіншілер қоршаулары және жол жүрісін реттеудің басқа да техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша бес мыңға жуық тексеру жүргізілген болатын. Нәтижесінде уәкілетті ұйымдарға кемшіліктерді жою бойын­ша 1500-ға жуық ұйғарым берілді. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді тасымалдауға арналған көліктерге көп көңіл бөлініп отыр.

«Биыл біздің қызметкерлер оқу орындарына тиесілі 1200-ге жуық тасымалдау көлігін тексерді. Анықталған кемшіліктер­ді жою бойынша 200-ден астам нұсқама бе­рілді. Еліміздің барлық мектебі бірер күнде балаларға есігін айқара ашады. Бұдан былай балалардың негізгі жүру бағдары «үй – мектеп – үй» арасында болмақ. Жүргізушілер жол қозғалысын реттейтін және бағдар­шам сигналдарының, жол белгілерінің, жол жұмыстарында қолданылатын дыбыстық және жарық сигналдарының талаптарын қатаң сақтауы қажет. Ал балаларға тек тротуарлармен немесе жаяу жүргіншілер жолдарымен, ал олар болмаған кезде жол жиектерімен жүруге кеңес береміз. Жолдың жүріс бөлігін тек жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы, ал олар көрінбейтін жерде – тротуарлар немесе жол жиектері сызығының қиылыстарында кесіп өту керек. Жолда жүретін барлық адам­ды жол ережелерін сақтауға және өске­лең ұрпағымызды қорғауға шақырамыз. Ішкі тәртіп, заңға және басқа адамдардың құ­қық­тарына құрметпен қарау – қазақ қоғамы ұмтылуға және соған сәйкес болуға тиіс нормалар», дейді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова.