Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция – мемлекеттіліктің негізі және Отанымыздың Тәуелсіздігінің сенімді кепілі. Қазақстан Конституцияның мызғымас нормаларына сүйене отырып, азаматтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадамдарды жүйелі түрде жүзеге асырып, болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді.Барша қазақстандыққа амандық пен береке, еліміздің игілігі жолында жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!», делінген құттықтауда.