• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 31 Тамыз, 2023

Президент Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

120 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», деп жазылған жеделхатта.