• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Үкімет 31 Тамыз, 2023

Әлихан Смайылов Президенттің алғашқы Жолдауынан бері атқарылған жұмыстарды атады

177 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында айтылған  үлкен саяси өзгерістердің жүзеге асырылып жатқаны  туралы айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауында үлкен саяси өзгерістер туралы жариялады. Себебі елдің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпайынша, экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін болмайтын еді. Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Бұл құжат демократияны нығайтудың жаңа кезеңі және көппартиялықты дамыту мен бәсекелі сайлауды өткізу жолындағы алғашқы қадам болды. Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын жалғастыру үшін жалпыұлттық деңгейде Ұлттық құрылтай құрылды», деді Әлихан Смайылов.

Бұдан соң ол бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің жаңа тәртібі заңнама деңгейінде реттелгенін айтты.

«Алғаш рет заң жүзінде сыбайлас жемқорлық қылмыс орын алған мемлекеттік орган басшысының жауапкершілігі бекітілді. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды. Ол азаматтар мен бизнестің мүддесін қорғауды қамтамасыз етеді. Заң жүзінде азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігі артып, қылмыстық процесте тараптардың сайыскерлігі және теңдігі қамтамасыз етілді. Алғаш рет мемлекеттік органдар үшін азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеуіне арналған бірыңғай ақпараттық жүйе енгізілді. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерін сайлау институты енгізілді. Оның аясында 1576 ауыл әкімі сайланды», деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол жер кодексіне тиісті түзетулер енгізу арқылы шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге түпкілікті тыйым салынғанын сөз етті.