Парламент Мәжілісінің депутаты Ғ.Елеуовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы: «1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғ.А. Елеуовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін», деп Қаулы шығарды.