• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2023

Шетелдік БАҚ-тың бағасы

243 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» дәстүрлі халықаралық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шараны Сыртқы істер министрлігі Бас редакторлар клубы, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Сегізінші рет өткізіліп отыр­ған байқауда Әзербайжан, Вьет­нам, Испания, Италия, Кана­да, Малайзия, Өзбекстан және Эфио­­пиядан келген басылымдар мен репор­таждардың авторлары әр аталым бойынша үздік деп таныл­ды. Жарияланымдар Қазақ­стан­ның жаһандық ілгері­леуі мен инвестициялық әлеуетін, мә­де­ниетін, сондай-ақ халық­ара­лық бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті қам­тамасыз етудегі АӨСШК рөлі секіл­ді тақырып­тар­ды қамтыды.

Жеңімпаздарды құттықтаған Сыртқы істер министрінің орын­­басары Роман Василенко бай­қау­ға ұсынылған бүкіл жұмыс­тың жо­ға­ры деңгейде екенін айтты. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келетін БАҚ өкілдер өтінімдері үнемі өсіп келе жат­қа­нына назар аударды. Биыл қазылар алқасының қарауына әлемнің 40 елінен 70-тен астам материал келіп түсті.

Сондай-ақ Р.Василенко еліміз­дің ядролық қаруды таратпау сала­сын­дағы бастамаларының өзек­тілігін ерекше айта келе, іс-шара қонақтарына отандық суретші және антиядролық қозғалыс бел­сен­дісі Кәріпбек Күйіковті таныстырды. Осы іс-шара аясында министр­ліктің фойесінде сурет­шінің көрмесі көпшілікке ұсы­нылды.

Дипломат Қазақстан Республи­касының Еуропа мен Азия ара­сын­­дағы сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыс­тар­ды нығайтудағы рөліне, елдің жа­һандық ынты­мақ­тас­тық пен экономикалық өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі күш-жігеріне егжей-тегжей тоқ­талды. Осы тұр­ғы­да Қазақстан «орта державалар» арасындағы диалогке жәр­­демдесетін, поляризация мен бұрын-соңды болмаған геосаяси сын-қатерлер дәуірінде «бейбіт­шілік, прогресс және ынты­мақ­тастық үшін дауыстарды күшей­ту­дің» жолсерігі бола отырып, Астана халықаралық форумын өткі­зуге бастамашы болғанын жеткізді.

Салтанатты іс-шараға Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай, АӨСШК әскери-саяси өлшем сарапшысы, елші Дулат Қуанышев, Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, «Kazakh Tourism» Ұлт­тық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов, сондай-ақ Әзербай­жан, Вьетнам, Испания, Италия, Канада, Малайзия және Өзбекстан елші­лері мен дипломаттары қа­тыс­ты.

Байқаудың барлық қатысу­шы­ла­рына алғысын білдіре отырып, Б.Жексенбай шетелдік БАҚ-та жарияланған Қазақстан туралы материалдар мемлекеттің шетелдегі имиджін ілгерілетуге жемісті әсер ете­тінін жеткізді. Д.Қуанышев өз кезегінде АӨСШК аталымы бойынша екі жеңімпаздың жұ­мы­сын ерекше атап өтті. Соны­мен қатар осы форумдағы Қазақ­стан төрағалығының басым­дық­тарын әңгімелеп берді.

Канадалық журналист Донован Маккензи өз елі мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтарды атап өтті. Этносаралық және дінаралық келісім, ірі державалармен көрші­лес­тік, белсенді және бастамашыл сыртқы саясат секілді ортақ қа­сие­тіміз бар екенін жеткізді.  «The Voice of Vietnam» Вьетнам ұлттық радиосының тілшісі Суан Нгуен барлық қатысушының атынан Қазақстанға келу мүмкіндігі үшін ризашылығын айтты. Екі ел халықтары арасындағы достықтың нығаятынына, Қа­зақстанға турис­тер­дің артатынына үміт білдірді.