• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Инвестиция 31 Тамыз, 2023

Қаржы ұйымдарының инвестициясы

241 рет
көрсетілді

Елімізде бастауын күтіп тұрған және біртіндеп жүзеге асырылу кезеңіне кіріскен әлеуетті экономикалық жоба өте көп. Бәрі де қаражатқа келіп тіреледі және есепшотқа тиісті сома түскен күннен бастап жобаның да тасы өрге домалап жүре бермек. Мәселен, отандық өңдеу өнеркәсібі жобаларын ынталандыру үшін 500 млрд теңгеден аса қаражат қажет екен.

Осы мақсатта Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспа­нов халықаралық қаржы инсти­тут­тарының өкілдері мен өңдеу өнеркәсібі бағытындағы инвес­ти­циялық жобаларды іске асырып жатқан іскер азаматтармен кездесті. Аталған кездесуге 15-тен аса халықаралық қаржы ұйы­мының (оның ішінде Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Еура­зиялық даму банкі, Халық­аралық қайта құру және даму банкі, Жапония Ха­лық­аралық ынтымақтастық агент­тігі), сондай-ақ Қазақ­стан­ның 14 өңірінен келген облыс әкімдіктерінің, квази­мем­ле­кет­тік сектордың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қа­тыс­ты.

Автомобиль жолдары ко­ми­­тетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің айтуын­ша, «Ақ­тө­бе – Ұлғайсын – Қызыл­орда» жол учаскесі, Қарағанды – Жез­қазған бағытындағы кү­ре­­жол мен Сарыағаш қала­сын­дағы айналма жолдың құры­лысына байланысты инфра­құ­рылымдық жобалар бар. Тұтастай алғанда, автожол саласын дамыту шеңберінде 2030 жылға дейін 4,5 мың шақырым жол­ды салып, жа­ңар­ту көз­делген.

Индустриялық даму коми­тетінің төрағасы Азамат Панбаев халықаралық қаржы ұйым­дарының өкілдеріне мұнай-газ саласындағы машина жасау өндірісі, құрылыс материал­да­рының индустриясы, химия және жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу және басқа салалардағы жетістіктерге тоқталып, отан­дық өңдеу өнеркәсібінің перспективасы туралы айтып берді. Индустриялық даму ко­митетінің төрағасы айтқандай, қазір болат балқыту және элек­т­ролиз зауыттарын салу, сон­­­дай-ақ алуан түрлі дайын өнім­­ді шығаруға қауқарлы кә­сіпо­рын­дар­ды құрудың ма­ңыз­­ды­лығы артып отыр.

«Біз жаңа жобаларды іске асыруға байланысты ха­лық­­­аралық қаржы ұйым­да­ры­ның рөлін жоғары баға­лай­мыз. Бұл орайда мемлекет инфра­құ­рылымды дамытып, ин­вес­тор­ларға бизнесті жүр­гі­зуге қажетті жағдай жа­­сау үшін жеңілдетілген қар­­жы­лан­ды­руды ұсыну жө­нін­де қажетті шараларды қа­­былдап келеді. Кәсіп­кер­лерді біз ұсынып отыр­­ған артықшылықтарды пай­­даланып, өз инвестиция­ларын Қазақстанға салуға ша­қы­­рамыз. Біздің министрлік қа­­жет­ті қол­дау­ды көрсетуге да­­йын», деді А.Панбаев.

Тікелей ынталандыру те­тігі ретінде Өнеркәсіпті дамыту қоры мен Қазақстанның даму банкі желісі бойынша жал­пы сомасы 500 млрд тең­ге­ден аса қаражатқа өңдеу өнер­кә­сі­біне байланысты жо­баларды жеңілдетілген займ­дық ақшамен қамту жос­пар­ланып отырғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар жаңа ірі кәсіп­орын­дардың іске қо­сылуы қо­сымша жұмыс орын­дарын ұл­ғай­туға жол аш­пақ.

Кездесуде «Техно­Групп­Сервис», «Ordamed», «Евроглас индастриз» ком­па­нияларының басшылары сөз алды. Бизнес өкілдері инвес­ти­цияларды тартып, тиісті жо­ба­ларды талқылауға дайын екендігін жеткізді.