Тағайындау 01 Қыркүйек, 2023

Президенттің жаңа көмекшілері тағайындалды

481 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.