Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды», делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін 1 қыркүйекте ел Президенті Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталып өтіп, елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын хабарлаған еді.