• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Мектеп 01 Қыркүйек, 2023

Қостанайда үш мектеп халықаралық инновациялық жобаға қатысады

304 рет
көрсетілді

Қанатқақты жобаға қатысатын білім ошақтарының бәрі – қазақ мектептері. Республика көлемінде бірінші рет қолға алынып отырған инновациялық жобаға Қостанай қаласындағы М.Хәкімжанова атындағы 20-шы орта мектеп пен №115-ші мектеп және Тобыл қаласындағы Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназия таңдап алынған.

«Басты мақсат – педагогикалық кадрлардың кәсіби әлеуетін арттыру, оқушылардың бойында ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие философиясын қалыптастыру және одан әрі дамыту. Қазіргі таңда аталған мектептердің қазақ тілі, ағылшын тілі, география, математика, физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері қосымша оқуды бастап кетті және іске кірісті. Яғни, «Білім инновация» халықаралық қоры биыл әлемдегі озық мектептер жүйесінің сапалы білімі мен құндылықтарын осы үш қазақ мектебіне енгізуді бастап кетті. бұл жобадан біз үлкен нәтиже күтеміз», дейді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.  

Соңғы жаңалықтар