• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Қыркүйек, 2023

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

238 рет
көрсетілді

Бұл қызметке Қанат Шарлапаев тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйек күні Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бөлек екі жаңа министрлік болып қайта құрылды. Олар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Көлік министрлігі.