Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,94 теңгеге қымбаттап, 459,52 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63 теңгеге дейін көтерілді (+0,23).
Ұлттық банк еуро бағамын 495,09 теңге, рубль бағамын 4,74 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-461,5 теңге, еуро 495,5-500 теңге, ресей рублі 4,69-4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетсек, мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.
Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны 0,24%-ға арзандап, барреліне 88,34 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,26%-ға арзандап, барреліне 85,33 доллар болды.