• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 06 Қыркүйек, 2023

Ұлттық спорт фестивалі ашылды

248 рет
көрсетілді

Астанадағы «Қаза­нат» ипподро­мын­да ұлттық спорт түрлерінен VI фести­вальдің ашылу салтанаты өтті. Алдағы бес күн бойы 1 300-ден аса спортшы 11 спорт түрінен сайысқа түседі.

Аталған іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған Парламент Мәжі­лісі­нің спикері Ерлан Қошанов елімізде ұлттық спорт түр­лері мемлекет қол­дауы­мен қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.

«Төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық спортты дамыту – Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрдайым ерекше назарында. Оның ұр­пақ тәрбиесіндегі маңызы туралы Президент Түркі­станда өткен Ұлттық құ­­рыл­­тайда айт­қан еді. Ұлт­тық спорт түр­лері – бұл біздің та­ри­хымыздың және қазақ халқының өзін­дік ерек­­шелігінің айнасы. Оны дамыта отырып, рухани мұрамызды бо­лашақ ұрпақтың игілі үшін сақтап қаламыз», деді Е.Қошанов.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы алдағы жылы елі­мізде Мемлекет басшы­сы­ның қолдауымен өтетінін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының мәні мен маңызына да тоқталды. Бір­шама мемлекеттің спорт­шылары бас қосатын халықаралық жарыста еліміздің әлеуетін танытуға мүмкіндік берілетінін тілге тиек етті.

VI фестивальдің ашы­лу салтанатына қатыс­қан Ұлттық спорт қауым­дас­тығының президенті Ислам­бек Салжанов алд­ағы бес күнде спортшылары­мыз көкпар, асық ату, тоғыз­құмалақ, жекпе-жек, жам­бы ату, теңге ілу және тағы да басқа ұлт­тық ойын түрлерінен күш сына­сатынын айтып өтті.

Сондай-ақ бұл іс-шара­дағы айтулы оқиғаның бірі – «Joryq» ат спорты федерациясы осымен екі жыл қатарынан өткі­зіп отырған «Ұлы дала жоры­ғы» республикалық мара­фон-бәйгесі. Еліміздің түк­пір-түкпірінен арнайы ат басын бұрған 20 коман­да 14 күнде елордадан Түр­кі­станға дейінгі 1 300 шақы­рым қашықтықты жүріп өтеді.

«Бәйге-марафон «Ama­nat» партиясының қол­дауымен былтыр тұңғыш рет өткізілген еді. Бұл – болашақта ұлттық ат спорты түрлерінің дамуына айрық­ша әсер ететін маңызды әрі ауқымды оқиға. Дүбірлі дода еліміздің барлық өңірін біріктірді. Шабандоздар сайын даланы ат тұяғымен дүбірлетіп, туған жердің сырына қанығады. Спорт­тық жетістіктерден бөлек, бұл бәйге этноту­ризм­ді дамытуға және халқы­мыздың мәдени мұрасын насихаттауға мүм­кіндік береді»,  деді «Amanat» пар­тиясының төрағасы.

Фестивальді ұйым­дас­тыруға Туризм және спорт министрлігі, Ас­тана қаласының әкім­дігі, «Amanat» партия­сы, «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қоры» ак­ционерлік қоға­мы, Ұлт­тық спорт қауым­дас­тығы, Туризм мен спортты қолдау қоры ұйытқы болды.