• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2023

БҚО-дағы атыс: күдікті қамауға алынды

189 рет
көрсетілді

Тәртіп сақшылары Батыс Қазақстан облысындағы Аралтөбе ауылында атыс ұйымдастырған күдіктіні қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.

Айта кетсек, атыс кезінде бірнеше адам жарақат алған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 5 қыркүйекте алкогольді ішімдікке масайған шаруа қожалығының басшысы мен ауыл тұрғындарының бірінің арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Жанжал барысында қожалық басшысы өзінің Lexus автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, қарсыласына оқ атқан.

Оқиға салдарынан ауыл тұрғынының сол жақ жанбасы мен аяғы жарақаттанған. Оқ 59 жастағы әйел мен оның кішкентай немересін де жарақаттаған. Алайда оқ жаудырған күдікті оқиға орнынан бой тасалаған.

«Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінің, 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берді. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», деп түсіндірді БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.