Ертең, 7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.