• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2023

Жүлде жоқ, жолдама бар

161 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының командалық сайысында Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

Құрамында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов және Владислав Захаров бар еліміздің ерлер командасы Непал (3:0), Бангладеш (3:0), Қырғызстан (3:0) және Таиландтан (3:2) басым түскенімен, қола медаль үшін бәсекеде әлем чемпионаттарында 11 рет жеңіс тұғырына көтерілген Оңтүстік Кореяның өрендеріне (2:3) есе жіберді. Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқадырова, Анастасия Лаврова және Ангелина Романовскаяға сенім артқан әйелдер құрамасы Бангладеш (3:0), Непал (3:0), Өзбекстан (3:0) және Пәкістанды (3:0) ұтқанымен, үшінші орын үшін тартыста Әлем чемпионатының жеті дүркін жүлдегері деген атағы бар Гонконгқа (0:3) жол берді.

Жерлестерімізге жүлделі орын бұйыр­мағаны, әрине, өкінішті. Десек те осы нәти­женің арқасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпио­натына қатысу құқығына ие болды.