• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Қыркүйек, 2023

Қор қоңданбай тұр

159 рет
көрсетілді

Жақында еліміздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен жылға жүргізілген аудиторлық есебіне сілтеме жасай отырып, шетелдік ұйымдармен инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтері бойынша таза шығын 93,3 млрд теңгені құрағандығын жариялады.

БЖЗҚ-ның жүргізілген есе­бі­не сәйкес, ел азаматтарының 1 трлн 355 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинақтары бар. Бұл былтырғы жылдың со­ңын­да жи­нақталған зейнетақы қара­жа­ты­ның жалпы көлемінің 9,2 па­йызын құраған. Осыдан екі жыл бұрын шетелдік менеджерлер ел азаматтарының 1 трлн 382 млрд теңгеден астам жинақ ақшасын басқарған көрінеді.

Сонымен қатар БЖЗҚ есебіне сәйкес, 2021 жылы зейнетақы актив­терінің бір бөлігін басқа­ратын шетелдік компаниялар қор са­лымшыларына 140,9 млрд теңге табыс әкелген. Сонымен зейнетақы активтерінің бір бөлігі алғаш рет 2018 жылы ол кезде менеджментке Aviva Investors Global Services Limited тартылып, активтердің 0,8%-дан аспайтын бөлігі сыртқы басқаруға бе­­рілген. Біртіндеп шетелдік ме­нед­жерлер пулы артып, 8 сырт­қы басқарушы ком­па­ния­ның үштігіне Pgim Limited (306,1 млрд теңге), Principal Global Investors (Europe) Limited (303,7 млрд теңге) және HSBC Global Asset Management (UK) Limited (222 млрд теңге) кірген. Сыртқы басқаруға берілген зейнетақы активтерінің 61,3%-ы осы үш компанияға тиесілі.

Ал осы аралықта қор инвесторлары қандай акциялар бо­йынша табыс тапты?

Бір жыл ішінде БЖЗҚ салым­шы­ларының акцияларға инвес­тициялау есебінен дивидендтік кірі­сі екі есеге жуық азайып, егер 2021 жылғы салымшылардың ди­­видендтік кірісі 29 млрд тең­­­ге­ні құраса, 2022 жылы ол 17 млрд теңгеден аспаған. Өткен жылы дивидендтер көлемі бо­йынша үздік 5 бағалы қағазға, мәселен, Қазатомөнеркәсіптің депо­зитарлық қолхаттары (диви­дендтік кірістің 69%), «KEGOC» АҚ жай акциялары (12,8%), «Ата­мекен-Агро» артық­шы­лықты акциялары (12%), «ҚазТрансОйл» компаниясының жай акциялары (1,6%) және Fincraft Resources артық­шылықты акциялары (1,5%) болған.

Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­­ақы қорына түскен төлем­­дер қайда жіберілді?

Бір жыл ішінде қордан жинақталған зейнетақы төлем­де­рінің көлемі 58,9%-ға азайып, 2021 жылы БЖЗҚ бұл мақсаттарға 2 трлн 882 миллиард теңге бөлінсе, 2022 жылы – 1 трлн 182 млрд теңге болған.Өткен жылы инвесторлар тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-дан 902,8 млрд теңге алып, төлемдер сомасының 76,3%-ын құраған. Салыстырмалы түрде қарағанда 2021 жылы бұл көрсеткіш екі есе­ден астамға өсіп, 2,5 трлн теңге шамасында қалыптасты. Сол кез­дегі заңнамалық құқық­тың бе­ріл­уіне байланыс­ты халықтың жи­нақталған зей­нет­ақы қара­жа­­тының бір бөлі­гін алуға деген сұраныс артып, тұрғын үй жағдайын жақсарту, ипотеканы өтеу, емделу және басқа да мақсаттар үшін зейнетақы активтерінің бір бөлігі алынғаны бар. 2021 жылы зейнетақы жи­нақ­та­рының бір бөлігін мер­зімінен бұрын алудың жет­кіліктілік шегі 2022 жылмен са­лыс­­тырғанда екі есе төмен болған. Сондықтан БЖЗҚ-дан «артығын» алу мүм­кін­дігі бар көптеген салымшылар осылай жасады.

БЖЗҚ-дан жинақ ақшаны мерзімінен бұрын алудан басқа, зейнет жасындағы азаматтарға – 119,2 млрд теңге, мұрагерлерге – 54,3 млрд теңге және елден кеткендерге – 43,4 млрд теңге тө­лем­дердің қомақты сомасы жа­салған.

Бұл ретте Бірыңғай жи­нақ­­­таушы зейнетақы қоры, Ұлт­­­тық банк пен жеке менед­жер­­лер қандай комиссия алады?

Зейнетақы нарығының қаты­су­шылары қандай комиссия ала­тынын көрейік. Әлеуметтік кодекс деректерінің негізінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы активтерінің көлемінен БЖЗҚ комиссиясының мөлшері айына 0,01%-дан 0,008%-ға дейін төмендеді. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдан бастап қор инвестициялық кірістен комиссия алмайды. Ол тек зейнетақы активтерін басқарушылардан алы­нады. Ұлттық банк – 2% және инвестициялық портфельді бас­қа­рушылар – инвестициялық кірістің 7,5%-нан аспайды. 2023 жылы Ұлттық банктің комис­сия­лық сыйақысы 1,5 пайызды, ал 2022 жылы инвестициялық кірістің 1,8 пайызын құрады. БЖЗҚ-ның тексерілген есеп­те­ріне сәйкес, 2022 жылы зей­нетақы активтерінің бір бөлігін басқарушылар, Halyk Global Markets – 3,5%, Jusan Invest – 5%, BCC Invest – 7%, Centras Securities – 7,5%, Halyk Finance – инвестициялық кірістің 5% ко­мис­сиясына ие болған. Сон­дай-ақ 2021 жылдың 1 қаң­тарынан бастап Ұлттық банкке салынатын базалық комиссия алымы мен аталған банктің сенімгерлік басқаруға байланыс­ты шығыстарды өтеудің күші жойылғаны көрсетілген.

Қалай дегенмен де, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры базалық комиссияны өтеу және сыртқы басқарушыларға артық кірістен сыйақы төлеу бойынша комиссиялар төлеген. Еске алсақ, 2020 жылы қор Ұлттық банктен қаржы құралдары порт­фелінің тобына байланысты дифференциалды түрде есеп­те­летін базалық-комис­сиялық сыйақы алған. Оның максимал­ды мөлшері айына 0,06% бол­уы­ мүмкін екен. БЖЗҚ-ның касто­диа­­­ны – Ұлттық банк. 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап қордың кастодиандық операция­лар бо­йынша қызметтерге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелері алынып тасталған көрінеді.