Өткен тамыз айында еліміздің теміржолшылары ерледі. «Қазақстан темір жолы» желісі бойынша 1 айда 1 млн тоннадан аса астық тиеліпті. Бұл – өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары нәтиже.
Маркетингтік жыл ішінде, 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданған. Бұл былтырғы жылдың маусыммен салыстырғанда 20%-ға жоғары.
Ал ел ырыздығына орай астық экспорты – 25%-ға, яғни 10 млн тоннаға дейін өсіп отыр.