• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2023

Қайта тиеу өсті

192 рет
көрсетілді

Биылғы 7 айда Ақтау теңіз сауда порты арқылы 2,6 млн тоннадан астам құрғақ және мұнай құйылған жүктер ауыстырылып тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінен 24% жоғары.

Порт 142 мың тонна астық, 114 мың тонна металл, 13 мыңнан астам кон­тей­нерді өңдеген. Ақтау порты арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан бағы­ты­на отандық мұнай экспортын қайта бағдарлау есебінен 2022 жылғы көрсеткішке мұнайды ауыстырып тиеу 2,1 млн тоннаға дейін, яғни 58%-ға өскен. Ақтау порты арқылы түсті металдар экспортының өсуіне байланысты металл тасымалы 87%-ға ұлғайыпты.