• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Пікір 06 Қыркүйек, 2023

Айқындалған бағыт

141 рет
көрсетілді

Жолдаудың негізгі мақсаты еліміздегі жағымды саяси жаңғыруларды енді экономикалық өзгерістермен ұластыру деп ойлаймын. Ал экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартатыны сөзсіз.

Жолдауда ел экономикасын дамытуға нақты бағыттар айқындалып, жүзеге асыру жолдары айтылды. Атап айтсақ, өңдеу саласы, туризм, орта кәсіпкерлікті дамыту, ішкі нарықты қорғау, геологиялық барлау шараларын жетілдіру, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту, агроөнеркәсіптегі өң­делген өнім үлесін ұлғайту, шағын шаруа­шы­лы­қтарды қолдау, агроғылымды дамы­­ту, инфрақұрылым, энергетикалық қауіп­сіз­дік, су тапшылығын алдын алу, көлік-ло­гистика және IT, жасанды интеллект, креативті индустрия салаларын дамыту, халықтық IPO жұмыстарын тездету және макроэкономикалық саясатты жаңарту.

Аймақтардың бюджет мәсе­лесіндегі дербестігін арттыру, қосымша құн салығы мен өзге де салықтардан түсетін кіріс­тің бір бөлігін өңірлерге беру, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтарға беру өңірлердің дамуына серпіліс берері анық.

Ал атом электр стансасын салу немесе салмау мәселе­сін жалпыұлттық референдум арқылы шешу халықтың маңызды мәселерді шешудегі рөлінің артқандығын көрсетеді.

Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірың­ғай ерікті жинақтау жүйе­сінің енгізілуі, «Ұлттық қор – бала­ларға» жобасы, зиян­ды еңбек жағдайында ұзақ жұмыс істеген адамдарға зейнет жасына толғанға дейін 55 жас­тан бастап арнаулы әлеуметтік төлемнің төленуі, ең төменгі жалақы мөлшерінің біртіндеп өсуі әлеуметтік мәселелерді одан әрі жақсарту кепіліне айналмақ.

 

Амангелді Төлемісов,

Сенат депутаты