• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 07 Қыркүйек, 2023

Қант диабетіне шалдыққандар балалы бола ала ма?

381 рет
көрсетілді

Егер Сіз нәрестелі болуды қалағаныңызбен, қант диабетіне душар болсаңыз, осыған қарамастан өмірге сау бала әкеле аласыз. Алайда, кейбір дерттердің асқыну ықтималдығы бар екендігін білуіңіз керек. Осы мәселеге орай мамандар төмендегідей кеңес береді.

Егер Сізге 1 немесе 2 типті қант диабеті диагнозы қойылса, қауіп жоғары болуы мүмкін: ірі нәресте қиын босану барысын ауырлатып, толғақ шақыру, яки кесарь тілігін жасау қажет болады, тіпті пациенттің түсік тастауы да мүмкін.

Қант диабетімен ауыратын әйелдерде жүкті болса да, болмаса да көз, бүйрек кеселдерінің даму қаупі бар (диабеттік ретинопатия, нефропатия). Жүктілік олардың даму қаупін арттырып, ағзадағы кінәраттарды күшейте түсуі мүмкін.

Егер Сізде 1 немесе 2 типті қант диабеті болса, балаңызға қауіп төнуі мүмкін, бұл:

туылғаннан кейінгі жүрек және тыныс алу проблемалары, кейінірек семіздік немесе қант диабетінің дамуы, бала туа біткен денсаулық кінәратына, атап айтқанда жүрек пен жүйке жүйесінің ауытқуларымен туылуы мүмкін, өлі туылуы немесе туылғаннан кейін көп ұзамай шетінеуі мүмкін.

Жүктілікке дейін және жүктілік кезінде қант диабетін дұрыс басқару бұл қауіптерді азайтуға көмектеседі.

Қант диабетімен ауыратын әйелдерде шала туылған нәрестелерді туу ықтималдығы 5 есе жоғары.

«Жүктілікті жоспарлау керек. Жүктілік алдында, жүктілікті жоспарлау жөнінде эндокринолог дәрігерден кеңес алу қажет. 3 айда 1 рет гликирленген гемоблобинге тест тапсыру керек. Егер 6,5%-дан деңгейді төмен түсіре алмасаңыз, Сізге және Сіздің балаңызға асқыну қаупін азайту үшін оны мүмкіндігінше жақындатуға тырысыңыз. Егер оның деңгейі 10%-дан жоғары болса, ол нысаналы мәндерге жақындағанша жүкті болуға тырыспауға кеңес береміз», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ №1 терапия бөлімшесінің эндокринолог дәрігері Балнұр Сұлтанова.

Егер пациентте қант диабеті болса және жүкті болғыңыз келсе, күніне 5 мг фолий қышқылын қабылдау керек (жүктіліктің 12 аптасына дейін). Фолий қышқылын қабылдау баланың омыртқасының ыдырауы және диабеттік фетопатия сияқты туа біткен ақаулардың дамуын болдырмауға көмектеседі. Егер қант диабетін бақылау үшін дәрілер қабылдасаңыз, инсулин инъекциясына ауысуыңыз керек.

Жүктілік кезінде қандағы глюкозаны жиі бақылаған жөн, өйткені жүктілік кезінде жүрек айнуы, құсу оның деңгейіне әсер етуі мүмкін. Дәрігер немесе акушер бұл туралы кеңес бере алады.

Жүктілік кезінде диабеттік ретинопатия белгілерін анықтау үшін көзді үнемі тексеру қажет. Егер ол ерте анықталса, оны емдеуге болады. Циклоскопия жасау керек.

Егер Сізде қант диабеті болса, консультанттың басшылығымен босану ұсынылады. Дәрігерлер босануды ерте бастауды ұсынуы мүмкін.

Жүктіліктен кейін қандағы глюкозаны бақылау үшін көп инсулин қажет емес. Инсулин дозасын жүктілікке дейінгі дозаға дейін төмендетуіңіз керек немесе жүктілікке дейін қабылдаған дәрілерге қайтып оралуыңыз керек. Бұл туралы эндокринологпен кеңесіп сөйлесу қажет.