• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қыркүйек, 2023

Павлодарда заңсыз ауланған 515 келі балық, 2,5 тонна шаян тәркіленді

282 рет
көрсетілді

Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тексеру барысында 515 келі балық, 2,5 тонна Артемия-салина шаянын тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері  515 келі заңсыз ауланған балық пен 2,5 тонна Артемия-салина шаянын тәркіледі.

Павлодар қаласында 35 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі тоқтатылды. Авто салонын қарау кезінде жедел қызметкерлер жалпы салмағы 515 келі болатын 23 қап балық (мөңке, сазан) тауып алып, тәркіледі. Жүргізушіде балық аулауға рұқсат беретін құжаттар болған жоқ. Анықталғандай, тұрғын Павлодар облысындағы көлдердің бірінде балықты заңсыз аулаған. Сонымен бірге  3 қыркүйек күні рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер Павлодар қаласының тұрғынын ұстады, оның ГАЗель көлігінен жалпы салмағы 2,5 тоннадан асатын 53 қап Артемия-салина шаяны табылды», делінген хабарламада.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов тиісті сараптама тағайындалып, аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.