• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 10 Қыркүйек, 2023

Президент Отбасы күнімен құттықтады

291 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Отбасы күніне орай құттықтауы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады. Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!» деді Мемлекет басшысы.