• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2023

Жігіттер жерге қаратпайтынына сенемін - Магомед Адиев

106 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Еуропа  чемпионатына іріктеу туры аясындағы кезекті матчын өткізіп, «Астана Арена» стадионында  Солтүстік Ирландия футболшыларына қарсы ойнайды. Тартыс алдында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық құраманың бас бапкері  Магомед Адиев жеңіске жетеміз деп иландырды.

«Финляндия футболшыларына 0:1 есебімен есе жіберген матчтан кейін құрамада өзгеріс енгізіледі. Әр ойында жіберген қателікті түзеуге күш саламыз. Солтүстік Ирландия құрамасындағы ойыншылардың  жарақаты бар, бізде де белді  футболшылардың кейбірі  денсаулығына байланысты қатыса алмайды. Тағы да айтам, жеңілісті қабылдау ауыр, үш күн бұрын Финляндия футболшыларынан ұтылғанымыз әлі де жегідей  жейді. Жеңіске алақайлап қуана аламыз, жеңілісті де көтере алуымыз керек. Біз сырт алаңда Солтүстік Ирландия құрамасын 0:1 есебімен ұтқанбыз, бұл жолы да  жігіттер жерге қаратпайтынына сенемін», деді бас бапкер.

Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчын  «Qazsport»  телеарнасы 18:50-де тікелей эфирден көрсетеді.