Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бұл күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
«12 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қатты жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын және көктайғақ болады деп күтіледі», деді синоптиктер.
Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-23 градустан 15-25 градусқа дейін, солтүстікте 10-15 градустан 12-17 градусқа дейін, орталықта 10-23 градустан 12-23 градусқа дейін жылы болады, батыста ауа температурасы күндіз 18-25 градус, оңтүстікте 22-30 градус, республиканың оңтүстік-шығысында 18-27 градус, таулы аймақтарда аймақтарда 7-12 градус жылы болады.