Таяу күндері футзалдан 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының элиталық кезеңінің іріктеу турнирі басталады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака бұл додада мына ойыншыларға үміт артып отыр:
Қақпашылар – Игита, Нарун Серіков («Қайрат») және Нұрәлем Байдолла («Атырау»). Қапталдағы ойыншылар – Тайнан («Спортинг», Португалия), Эдсон, Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Жаһангір Рәшит, Біржан Оразов («Қайрат»), Азат Валиуллин, Әбдірасұл Әбдіманаұлы («Аят»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Жомарт Тоқаев («Семей») және Арнольд Кнауб («Жетісу»).
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы сырт алаңда Нидерландпен күш сынасса, арада бес күн өткеннен соң Румынияны қабылайды. Ал 11 қазанда Әзербайжанмен бәсекелеседі.