Синоптиктер 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады.
«Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша екпінді жел, солтүстікте, солтүстік-батыста тұман, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Синоптиктердің айтуынша, елордада 12 қыркүйекте көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, кейде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз ауа температурасы +13 + 15 градус жылы.
Алматыда бұлтты ауа райы, жаңбыр күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыс, 3-8, кейде екпіні секундына 15-20 метрдей болады. Күндіз ауа температурасы +19 + 21 градус жылы.
12 қыркүйекте Шымкент қаласында жел батыстан соғады. Күндіз екпіні секундына 8-13, түнде 15-20 метр болады. Күндіз ауа температурасы +23 + 25 градус жылы.