Уоллингфордта әлемдегі ең танымал детектив авторларының бірі Агата Кристидің мүсіні ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz ITV телеарнасына сілтеме жасап.
Қоладан құйылған ескерткіш қаламгердің туған қаласы Уоллингфордта орын тепті. Агата Кристи қолына кітап алып, саябаққа қарап отыр. Бұл саябаққа қарама-қарсы жазушының құрметіне ашылған мұражай бар.
«Салтанатты рәсімге жүздеген адам, оның ішінде жазушы Мэтью Причардтың немересі қатысты. Сондай-ақ іс-шараға Кристидің детектив романдарындағы кейіпкерлердің костюмдерін киген бірнеше актер келді, олардың бірі Германиядан арнайы шақырылды», деп хабар таратты ITV телеарнасы.
Агата Кристидің кітаптары – адамзат тарихындағы ең көп жарияланған кітаптар. Жазушының еңбектері бірнеше тілге тәржімаланған.