• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Қыркүйек, 2023

Комиссияның отырысын өткізді

167 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Эко­номиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу-электр орталығы­ның (ЖЭО) қызметін тексеру қорытындысы қаралды.

Прокуратура органдары 11 жеке­меншік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Қай стансада да қондырғылардың әбден тозығы жеткен, бұл жағдай жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін.

Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға стансаларда күр­делі жөндеу мен модернизациялау­ды қамтамасыз ету бойынша меншік ие­лерімен жұмыс істеу тапсырылды. Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арнал­ған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда стансаларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданады.

Сондай-ақ комиссия отырысында елі­міздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газ­бен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды. Тиісті инфрақұрылымы бар бұл компаниялардағы мемле­кеттік үлестер кезінде арзандатылған бағамен жеке қолға өткен. Нәтижесінде, бұл газ тасы­малдау нарығының монополия­лануы­на және қызмет көрсету тариф­терінің көтерілуіне алып келді.

Әлихан Смайылов уәкiлеттi ведомство­­­ларға осы активтердi Қазақстан заңнамасының талаптарына сай мемлекет меншiгiне қайтару мәсе­лесiн жедел пысықтауды тапсырды.