Шығыс Қазақстан облысы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әркетіне тосқауыл қойды. Шығын 500 миллион теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізді, оның барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Негізгі күдіктілер, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды», деп жазылған ақпаратта.