• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 13 Қыркүйек, 2023

«Қар аралас жаңбыр жауады». 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

278 рет
көрсетілді

Синоптиктер 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. «Бүкіл кезең бойына шығыста, 14-15 қыркүйекте солтүстікте, 15-16 қыркүйекте батыста, 16 қыркүйекте республиканың солтүстік-батысында, барлық кезеңде таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжанды. Республиканың оңтүстік-шығысындағы облыстарда түнде қар аралас жаңбыр жауады», деді мамандар.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+10°, күндіз +13+20°, оңтүстікте түнде +7+15°, күндіз +18+25° болады.