• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қыркүйек, 2023

«Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингінде Қазақстан банктері көш бастап тұр

263 рет
көрсетілді

Қазақстандағы банктердің бәсекеге қабілеттілігін шетелдік мамандар растап отыр. Ресейлік Forbes.ru басылымының «Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингі бойынша алғашқы төрттікті біздің елдің банктері бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлмира Бағытқызының «Сенім үдесінен шыққан банктер» атты мақаласында «Көрші елдердің 50 сенімді банкі – 2023» рейтингіне енген Қазақстан банктері жарияланды.

Рейтингті мұнай-газ секторына­ қа­­тысты кор­по­ративтік бизнеске бағытталған «Ситибанк Қазақстан» бастады. Одан кейінгі көшбас­шылар қа­­та­рында Қазақ­стан­дағы тұрғын үй-құрылыс жинақ­тары жүйесін жүзеге асыратын «Отбасы банкі» орналасқан. Forbes.ru рей­тингін­де­гі 3 сенімді банкті біздегі ең ірі коммерциялық банк «Halyk Bank» аяқтаған.

Үздік бестікке «Kaspi Bank» пен Грузияның «ProCredit банкі» енген. Алғашқы ондыққа Қазақ­станның 5 банкі кірсе, 7-орында «ForteBank» жайғасқан.

Еліміздің ЕДБ жиынтық ак­тив­­теріндегі 5 ірі банктің үлесі 66%, жалпы несие портфеліндегі үлесі 73,8% және клиенттердің жалпы депозиттеріндегі үлесі 70,2%-ды құраған.