• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2023

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

237 рет
көрсетілді

Қайрат Боранбаев құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Агенттік Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

«Тергеу барысында жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды. Сондай-ақ Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды», делінген хабарламада.

Аталған объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріледі, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады.