• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Ауа райы 14 Қыркүйек, 2023

Елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

216 рет
көрсетілді

Синоптиктер 2023 жылдың 15 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Айта кетсек, республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда да жауын-шашын болады.

Сондай-ақ республика бойынша батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, батыста, солтүстікте, орталықта түнде және таңертең тұман күтіледі.

Елордада ауа райы көшпелі бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +15+17°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.