Бұл сұраққа боксшының бұрынғы бапкері Абель Санчес жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абель Санчестің айтуынша, алдағы айларда Геннадий Головкиннің қәсіпқой рингке шығуы, әсіресе жас боксшылармен жұдырықтасуы екіталай. Санчес қазақстандық боксшыны он жыл бойы жаттықтырды, бірақ олардың ынтымақтастығы 2019 жылы аяқталды. Санчестің орнына мексикалық бапкер Джонатан Бэнкс келген еді.
«Неге GGG-ді Мунгуя, Берланга және басқа да жас боксшыларға қарсы шығарғысы келеді. Бұл жақсы ұсыныс, бірақ рингтен тейін Головкиннің қарсыласынан не қалады? Гена жай ғана жұдырықтаспайды, бір соққымен қарсыласын жойып жібереді. Оның соққыларынан кейін ес жинау өте қиын. Ол қырықтан асса да мансабында бәрі жақсы. Неге ол қайтып келіп, біреуге мүмкіндік береді, GGG мұны істеуге міндетті емес», деді Абель Санчес
Еске сала кетсек, жақында Геннадий футболдан Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландиямен матчында командаға қолдау көрсету үшін Астанада арнайы келіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді.
Геннадий Головкин - 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. IBO нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы, орта салмақта WBC, IBF, WBA және The Ring тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол бірнеше рет әртүрлі категориялар бойынша әлемнің ең үздік боксшысы деп танылды.
GGG соңғы рет 2022 жылдың 17 қыркүйегінде рингке шығып, трилогияда мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңіліп қалған болатын.